ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!
Біздің медициналық ұйымда “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы
Кодексінің 35-бабына сәйкес пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі құрылды.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу
фактілерін анықтау жатады. Осыған байланысты, егер Сіз:
-медициналық қызмет көрсету сапасына риза болмай қалсаңыз;
-медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медициналық
персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
Сіз пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқылысыз:
1. Call center +7(7252)39-95-02
2. Сенім сымтетігіне хабарласа аласыз: +7(7252)39-95-03
3. Медициналық ұйымның сайтына шағымды қалдыра аласыз goс-shymkent.kz
4. “Халыққа жақын Бас дәрігер” Whatsapp +7706 600 46 80 нөмеріне
5. Сіз шағымдарыңызды аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды көрсетіп өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке
қалдыра аласыз (күту залы).
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі пациенттердің жолданымдарын күнтізбелік бес күннен
аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді және қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді. Емделіп жатқан науқастардың
өздері де, олардың отбасы мүшелері қарастырып, сізге нәтижесі бойынша ақпарат жеткізеді. Сіздің шағымыңыз бен
ұсынысыңыз біздің жұмысымызды әрі қарай жақсартуға септігін тигізеді.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің телефондары: +7(7252) 39-95-03. Сапа іс жөніндегі орынбасары Асабаева Р.И.
Орталықта жүргізілген сауалнама нәтижелері:
Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігіне, сапасына және шарттарына қанағаттанушылықты бағалау:
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.