Skip to main content

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

РАДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Радиология бөлімшесі жетекші және функционалды бөлімі болып табылады. Жаңа ғимараттың 3-қабатында орналасқан. Бөлімшеде 51 кереует бар, олар: көп функционалды кереуеттермен, теледидарлармен, SOS түймелерімен жабдықталған. Пациенттерге палаталарда сапалы болу және сәулелік терапия үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Бөлімшеде Қазақстан Республикасының, Ресейдің, Еуропаның және Түркияның жетекші клиникаларында мамандандырудан өткен, үлкен тәжірибесі бар жоғары санатты 6 радиолог дәрігер қызмет атқарады.

Фото

 

Бөлімнің мақсаты мен міндеті – Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларына сәйкес, қатерлі ісіктері бар ересек тұрғындарға «сәулелік терапия» саласында мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету, сондай-ақ заманауи медициналық технологиялар мен жоғары медициналық көмек ұсынылады.

 Бөлімше әртүрлі қатерлі ісіктері (өкпе, өңеш, бас және мойын ісіктері, бас миы, сүт бездері, асқазан-ішек жолдарының ісіктері, зәр шығару жүйесі мүшелері, жыныс мүшелері, тері ісіктері және т.б.) бар науқастарға жоғары технологиялық сәулелік емдеудің барлық түрі көрсетеді.

Радиология бөлімінің дәрігерлері жыл сайын конференцияларға, шеберлік сабақтарына қатысып, біліктіліктерін арттырады.

Бөлім дәрігерлері есеп беру және бухгалтерлік құжаттамамен жұмыс істеуді біледі.

Сәулелік терапия қатаң түрде көрсеткіштерге сәйкес, гистологиялық тексеруден кейін және MДГ шешімінен кейін ғана жүзеге асырылады. Сәулелік терапия әртүрлі локализацияның қатерлі ісіктері, сүйек және жұмсақ тіндердің метастаздары үшін қолданылады.

 

Радиология бөлімшесінің  сәулелі ем алдындағы дайындық дағдылары, GULMAY-жақын фокусты рентгентерепия,TERABALT – қашықтық гамматерапия ,HALCYON- сызықтық үдеткішін қолдану арқылы сәулелік емдеулер жүргізіледі.

Дәрігерлер сонымен қатар сәулелік терапияның көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтайды.  

Бөлімше операцияға дейінгі, тәуелсіз және операциядан кейінгі режимде сәулелік терапияны, сонымен қатар радиомодификация мақсатында химиотерапияны жүзеге асырады. Сәулелік терапия радикалды, паллиативтік, симптоматикалық мақсаттарда жүргізіледі.

Фото

Біздің дәрігерлер

Алтынбекова Нурила Хамытовна

Бөлім меңгерушісі

Жоғарғы санатты дәрігер радиолог. 1982-1986ж. аралығында Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін бітірген. 2000ж. ҚазОРҒЗИ радиология мамандығы бойынша біліктілігін арттырған. 2012ж. Санкт- Петербург қаласында И.Мечников атындағы институтта біліктілігін арттырған «Клиникалық радиология». Соңғы біліктілікгін арттырулары: 2021ж.- С.Ж.Асфендияров атындағы  Қазақ ұлттық медициналық университетінде «Сәулелік терапиядағы инновациялық технологиялар», 2023ж.- ОҚММА «Сәулелік терапия (радиациялық онкология)». Жұмыс өтілі радиолог мамандығы бойынша 27жыл.

Мухитдинова Ирина Николаевна

Радиолог-дәрігері

1983ж. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының,емдеу ісі факультетін бітірген. Жоғарғы санатты дәрігер радиолог.1989ж. Ленинград қаласында И.Мечников атындағы институтында біліктілігін арттырған «Клиникалық радиология».2012ж. РОНЦ  Н.Блохин атындағы «Комформды сәуле емінің заманауи тәсілдері» 2016-2020ж. АО ОҚМА «Сәулелік терапия (радиациялық онкология)». 2021ж. Аймақтық институтта біліктігін жетілдіру «Тәуелсіз экспертиза». Жұмыс өтілімі мамандығы бойынша 37жыл.

 1987-1996 жылдары аралығында. Ақтөбе Мемлекеттік Медицина институтын бітірген. Жоғарғы санатты дәрігер радиолог.Санкт- Петербург қаласынды (Ресей.) 2012 ж. -  біліктілігін арттырған. Соңғы оқу куәлігі, АО “ Оңтүстік  Қазақстан Медицина Академиясы” 24.04.2023 - 24.05.2023 аралығында. Тақырыбы: “ Қатерлі ісіктері, бар науқастардың  саулелік терапиясының таңдамалы мәселелері”. Жұмыс өтілімі мамандығы бойынша 21жыл.

Авдаметов Акрам Атхамович

Дәрігер-радиолог

2002жылы Оңтустік Казақстан мемлекеттік  медицина академиясының бітірген. Жоғарғы санатты дәрігер. 2004ж.- ҚазОРҒЗИ онкология мамандығы бойынша біліктілігін арттырған. 2016ж. -АО ОҚМА «Сәулелік терапия (радиациялық онкология)». 2023ж.- ОҚМА“ Сәулелік терапиясының таңдамалы мәселелері”. 2023 ж.- Стамбул қаласында Ажибадем клиникасында біліктілігін арттырған. Жұмыс өтілімі мамандығы бойынша 21жыл.

Казыбеков Серик Елдарулы

Дәрігер-радиолог

2000-2007ж аралығында Оңтустік қазақстан мемлекеттік  медицина академиясының түлегі. 2008-2009ж аралығында ҚарОРҒЗИ радиолог дәрігері мамндығын алған. 1 санатты білікті дәрігер.2011ж. Санкт-Петербург қаласында Мечников атындағы институтта біліктілігін арттырған.2023 ж Стамбул қаласында Ажибадем клиникасында біліктілігін арттырған. Жұмыс өтілімі мамандығы бойынша 16 жыл.

Аманқараев Мәди Өмірбекұлы

Дәрігер-радиолог

2010-2017ж. аралыгында Карағанды мемлекеттік медицина университетінің жалпы медицина факультетінің түлегі. 2017-2019 жыл аралығында ҚазОРҒЗИ радиолог дарігер мамандығын алып шыққан.2 санатты білікті дәрігер.Жұмыс өтілімі 5 жыл.