Skip to main content
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a
07 Шлд 2021

ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАМАНДАРЫ БІЛІКТІЛІН АРТТЫРДЫ

Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың басты бағыттарының бірі молекулярлы- генетикалық тексеру санын арттыру болып табылады.

Имуногистохимиялық зерттеу әдісі заманауй онкологияның ажырамас бөлігі болып табылады. Осы тексеріс әдісінің нәтижесіне қарап, дәрігерлер науқастарға тиімді ем тағайындайды. Аталған бағыттың орындалуын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың бірінші шілде күні қалалық онкологиялық орталықта Қазақ Онкология және радиология ҒЗИ Морфологиялық зерттеулер орталығының меңгерушісі м.ғ.к. Э.Б. Сатбаеваның қатысуымен онкологиялық орталықтың патоморфолог дәрігерлеріне имуногистохимиялық зерттеу әдістері бойынша біліктлігіктерімен бөлісті. Тәжірбие алмасу шарасына қатысқан орталықтың медицина мамандары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Сондай-ақ шара аясында республикалық онкологиялық орталықтан келген жетекші мамандар «Өкпенің қатерлі ісігінің молекулярлы-генетикалық диагностикасы» тақырыбында баяндамалар оқыды.

Айта кетейік, 2009 жылдан бері қалалық онкологиялық орталықтың мамандары имуногистохимиялық зерттеу әдісін қолдана отырып, сапалы емдеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижесінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеу нәтижесі мен өмір сүру сапасы жақсаруда.