Skip to main content
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 8:00-17:00
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

Маммология

Маммология бөлімшесі сүт безінің барлық патологиясының диагностикасы мен емдеу жолында мамандандырылған көмек көрсетеді.

Бөлімше мамандары сүт безінің қатерлі және қатерсіз ісіктерінде хирургиялық және химиотерапиялық емдеу жүргізеді. Бөлімше 15 төсек орынды. Науқастар 2 және 4 орынды палаталарда жайғасады.

Бөлімшеде оталық емнің барлық түрі жасалады. Оның ішінде:

-Сүт безінің зақымданған немесе ісігі бар бөлігін алып тастау және аймақтық лимфа бездерін алу оталары. Әр-түрлі модификациямен сүт безін радикальды алып тастау және бір мезгілде эндопротездеу.

-Тері мен емізікшені сақтай отырып сүт безін радикальды алу, сүт безінің ісігі бар бөлігін радикальды алу және лимфа түйіндерін алу оталымен бір мезгілде сүт безін арқаның жалпақ бұлшық етімен немесе іштің тік бұлшық етімен қалпына келтіру(маммопластика) оталары.

-Сүт бездерін кішірейту (редукциялық маммопластика)

-Сүт бездерін көтеру отасы(мастопексия).

-Сүт безінің қатерлі ісігін алдын алу мақсатында қатерсіз ісіктерге ота жасау.
-Шынайы және жалған гинекомастияда, ерлердің көкірек безінің қатерлі ісігінде көкірек безін алып тастау отасы.
-УДЗ-дің бақылауымен белгі қою арқылы сүт дезінің ісігін алып тастау отасы.

-Инвазивті-диагностикалық тексеру әдістерін жүргізу: трепан-биопсия, ЖИАБ.

Онгарбаев Ербол Калимоллаевич

Маммология бөлімшесінің меңгерушісі

Маммология бөлімшесінің меңгерушісі

Онгарбаев Ербол Калимоллаевич.

2003 – 2009ж.ж. аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы КазҰМУ оқыған.

Мамандығы : «Емдеу ісі».

2009 – 2010 ж.ж. С.Ж. Асфендияров атындағы КазҰМУ, Хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

2010 – 2015 ж.ж. аралығында «Ордабасы АОА» жалпы хирург болып жұмыс атқарған.

2015 жылы ҚазОжРҒЗИ –да «Онкология-маммология» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

2016-2018 жылдары ООД-де онкомаммолог қызметін атқарған.

2018 жылдан ҚОО-ның маммология бөлімшесінің меңгерушісі.

Жунисбеков Жасұлан Абдуалиұлы

Маммология бөлімшесінің онкомаммолог дәрігері

Маммология бөлімшесінің онкомаммолог дәрігері

Жунисбеков Жасұлан Абдуалиұлы

Біліктілігі:

2010 – 2015 ж.ж. Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ оқыған.

Мамандығы: «Жалпы медицина».

2015 – 2017 ж.ж. Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

2017 – 2018ж.ж. аралығында «Келес АА» . жалпы хирург болып жұмыс атқарған.

2018-2020 жылдары ҚазОжРҒЗИ –да «Онкология-маммология» мамандығы бойынша резидентурадан өткен.