Skip to main content

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

rfp

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

​​​​​​​Анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

Анестезиялогия және реанимация бөлімі

Реанимациялық бөлім,онкологиялық орталықтың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Аурухана ашылған күннен бастап жұмыс жасап келеді. Басты корпустың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлім 6 төсек орынға арналған.

Бөлімшенің негізгі жұмыс бағыттары: фото

-Жоспарлы операциялық араласуларда заманауи  анестезиологиялық көмек көрсету;

-Отадан кейінгі науқастарға, алғашқы сағаттардан бастап қарқынды терапия және динамикалық бақылау жүргізу;

-Жағдайы ауыр,сондай-ақ өмірлік-тіршілік қызметі бұзылған науқастарға  шұғыл және реанимациялық көмек көрсету;

-Отадан кейінгі жоғары деңгейлі мейіргерлік күтім;

Бөлімше, жоғары деңгейлі соңғы технологиялармен қамтамасыз етілген: наркозды аппараттардан басқа, Prisma Flex,AutoLog-операцияда қан кету барысында ауто-қанды қайта құюға арналған аппарат, Ampіr-01 қан компоненттерін  және тамызылатын сұйықтықтарды жылытып тамызуға арналған  аппараттармен жабдықталған.

Бөлімшеде, жұмыс өтілі жоғары деңгейлі дәрігерлер қызмет атқарады.  Аталмыш дәрігерлер анестезиялық көмектің барлық түрлерін еркін меңгерген, атап айтқанда: мультимодальды анестезия, спинальды,эпидуральды, жалпы эндо-трахеальды,тамыр-ішілік анестезиялар.

Бөлімше дәрігерлері, Франция,Литва,Финляндия,Голландия,Түркия,Ресей,

Монғолия сынды Еуропа мен Азияның  бірнеше елдерінде біліктілігін арттырып,тәжірибе алмасып келген.

Жайын Даниярбек Мамадиярович

Бөлім меңгерушісі,жоғары санатты дәрігер

Абетаев Бақтияр Бекмаханович

Жоғары санатты дәрігер

Сатимов Мырзадил Жанадилович

Жоғары санатты дәрігер

Бәйтен Данияр Шадиярович

Жоғары санатты дәрігер

Казбеков Оңласынбек Утегенович

Жоғары санатты дәрігер

Калдыбеков Ринат Бахытжанович

Жоғары санатты дәрігер