Skip to main content

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

rfp

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

ШҚ ДСБ ШЖҚ Қалалық онкологиялық орталық МКК негізгі бағыттары

 

  1. Жаңа технологияларды, ең тиімді, арзан диагностикалық әдістерді және халықты емдеуді пайдалана отырып, халыққа мамандандырылған онкологиялық амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
  2. Тағайындалған халыққа диагностикалық және емдеу хаттамаларына сәйкес заманауи диагностикалық және емдеу әдістерімен стационарлық медициналық көмек көрсету.
  3. Медициналық көмек көрсетудің тиімді ұйымдастыру формаларын, науқастарды алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу.
  4. Медицина ғылымы мен техникасының жетістіктерін пайдалана отырып, қауіп факторларын анықтау.
  5. Науқастарды медициналық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік оңалту.
  6. Қатерлі ісіктердің аурушаңдық және өлім себептерін талдау және жиі кездесетін аурулардың алдын алу және ерте анықтау шараларын әзірлеу.
  7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халық арасында онкологиялық аурулардың белгілері туралы білімдерін насихаттау, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің онкологиялық қырағылығын, диагностиканың кешіктірілген мәселелері бойынша дәрігерлердің жеке жауапкершілігін дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру
  8. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми мақалалар жариялау. Жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу.
  9. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (аурухана кеңестерінің мәжілістерін, өндірістік кеңестерді, ғылыми-практикалық, клиникалық-анатомиялық конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу).
  10. Бекітілген медициналық құжаттаманы жүргізу, статистикалық есептерді жасау, тиісті органдарға жедел және статистикалық ақпаратты ұсыну.
  11. Халыққа медициналық көмек көрсетуде Қазақстан Республикасының басқа емдеу-профилактикалық мекемелерімен, кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету объектілерімен жұмыста сабақтастық орнату, медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларымен және ғылыми-зерттеу институттарымен жұмыс жасау.

 

                                                  Диспансердің тарихы

       Облыстық онкологиялық диспансер 16.03.1945 жылы Онтүстік Қазакстан Денсаулық сақтау басқармасының  №31  бұйрығына сәйкес онкологиялық бекет болып ашылған, оған 1-ші қалалық емхананың меңгерушісі Теплицкая Любовь Семеновна тағайындалды.1946 ж бастап 1950 жж онкологиялық бөлімшесінде  меңгерушілер:  Башратян И.П.  және  Ценнер Х.Х болған.

       Диспансердің туған куні 15.04.1950 ж болып саналды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынынң №74 бұйрығы бойынша онкологиялық пунктің Түркістан көшесі 26 бұрынғы электролечебницы болған.  Облыс бойынша  диспансерінде 15 төсек орындық және  рентгенотерапевтік бөлімдері болды. Бірінші бас дәрігері  Ермекова  Разия Шарафутиновна болды. 1953жылы  рентгенология бөлімінде жұмыс істеген дәрігерлер: Кальменов Абдул-Хамид Алпысбаевич және Соколова Антонина Андреевна.

       Кейінірек 1953 жылдан бастап диспансер ауқымдылығы стационарда 40  төсек орынға дейін көбейді, бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасының  03.09.1953 ж бұйрығы негізінде . Облыстық онкодиспансердің бас дәрігері  қазақ ССР-дің еңбек сіңірген  дәрігері хирург   Шестиалтынов Филипп Яковлевичтің келуімен диспансердің аурухананың төсек орны 75 төсекке көбейді. Рум-7 рентгенотерапевтік аппараттардың жақынфокустык рентгенотерапия және рум-7 үшін 17-терең  рентгенотерапевтік аппараттар болды. Кейінірек  гамма-терапия Гут-Со-400 аппараты шықты. Онкодиспансердің  ұйымдық әдістемелік  бөлімі ашылды, функционалды ауруларды   амбулаторлық  3 маман қабылдап бастады, олар: хирург, гиниколог, рентгенотерапевт.

       1964 жылдан бастап диспансердің ауқымдылығы 100 төсек орынға көбейді. Хирургиялық бөлім 45 кереуе төсек орынға , радиогиникология бөлім белсенді 4 төсек орынға және 30 төсек орынға, оның 4 төсек орын белсенді, сәулелік терапияда   25  төсек орынға. Хирургия бөлімінің меңгерушісі Симсан Юрий Маркович, радиогиникология бөлімінің меңгерушісі Ткачова Алла Дмитриевна   және сәулелік терапияның меңгерушісі Бурмистрова Евгения Ивановна.  Емханада сәулелік  терапиялық жұмыс бөлмелерінде  Гут-Со-400 жабдықтар мен аппараттар Рум-7 және Рум-17 аппараттары ұйымдастырылған. 1965ж бастап онкодиспансерде гамма-терапиялық  аппарат  Луч-1 пайда болды. 1999 жылдың 10-шы тамызында қызметкерлер гамма терапиялық аппаратты  пайдаланды.

        1969 ж бас дәрігер к.м.н хирург  Юунусметов Илья Ризаметович тағайындалды.  Уақыт өте келе онкодиспансердің басшылығы толықтай қазіргі   емдік мекемеге  құрлыс жұмыстарын жүргізді. Екі кабатты онкодиспансер кұрлысы басталды. Оның ішінде: конференциялық зал, асхана,тағам жүйесі, химотерапевтік корпус,инженерлік шеберхана  бөлмелері болды.  Ауруханалық ауқымдылығы бұл кезде 150 төсек орын дейін кеңейді. Осы кезде ғылыми жұмыстармен жаңашылдыққа онкологтар белсенді  қатыса бастады. Күнделікті тәжірбиеде  ота жасау кезінде  іштің қатерлі ісігінде ,  кіші жамбас катерлі ісігінде комплексті емдеу шаралары жүргізілді. Осы кезде ұжымда  медициналық ғылымның кандидаттары И.Р Юнусметов және Э.А Мачаридис жұмыс жасады және жоғары санатты дәрігерлері; Мазохина Евгения Арсентьевна, Ткачева Алла Дмитриевна, Нищук Людмила Семеновна, Гостинцева Надежда Александровна.    1975 жылдан бастап диспансердің бас дәрігері қызметін жоғарғы санатты дәрігері Прімкұлов Ноғайбек  Жұмағұлұлы басқарды.

       Онкодиспансердің  материялдық техникалық  базасының жағдайы  жақсарды. Ондағы төсек орын саны 200-ге дейін көбейтілді және  20 төсек орынға пансионат ашылды. Барлық қалалық, аудандық емханаларда   онкологиялық  кабинеттер ашылды.  СССР –дің  Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша 06.12.1997ж  №668 онкодиспансерде 1000 сом  сыйақы берілді. Сол уақытқа дейін жеткен жетістіктері үшін. Онкологиялық аурулардың алдын алуға жаңа әдістерді қолдануға көшті.

1978ж онкодиспансердің құрамына цитологиялық зертхана қосылды, оны Р.М Омарова басқарды.Химотерапия бөлімінде жаңадан РЕНТГЕН-47 рентгенотерапиялық аппараттың суреті үдеткішімен иемденді.

       1989-1994 жж бас дәрігер радиолог к.м.н Кушербаев Серғали Кушербаевич атқарды. Бұл жылдарда диспансерде кереует саны 240 төсек орынға дейін көбейтілді. Жансақтау бөлімінде 6- төсек орынға ашық, радиологиялық бөлімде 60 төсек орынға дейін  көбейтілді. Радиологиялық бөлімде гамма терапиялық аппараттар «Агат-Ву» сәулелік терапия үшін тағайындалды. Қатерлі ісіктің емін тереңдете бастады. 1993 ж С.А Кушербаев диссертация докторлық қорғап ОҚММА  -да жұмыс істеді.

       1994 ж қыркүйек айынан бастап облыстық онкологиялық диспансерді Жұматаев Жандарбек Жұматаевия басқарды. 1995 жылдын бастап 2 арнай бөлімдер ашылды: Көкіреі қуысы хирургиясы 40 төсек орынға және  мамологтялық 30 төсек орынға берілді. 1995-1998 жж ультрадыбыстық және эндоскоптық аппараттарды иемденді. Онкологиялық диспансердің материялдары арқасында 1-докторлық, 5-кандидаттық диссертация қорғалды. Медицина ғылымының докторы Кушербаев Сергали Кушербаевич және медицина ғылымының кандидаттары Ж.Ж. Жұматаев, А.Ж. Жаркимбеков, Д.Ж. Жұмағалиев, Г.А. Серикбаев, П.У. Байкенжиев. 

                 2009 жылдан 2017 жылдың тамызына дейін  бас дәрігері қызметін, медицина ғылымының  кандидаты, жоғары санатты дәрігер Орманов Нұрғали  Керимбекұлы басқарды. Ол ғылыми және тәжірбие жұмыстары жоғары деңгейде жүргізді және 44 ғылыми жұмыстың авторы. Осы кезеңде сәулелік диагностикалық бөлімше ашылды. Аурухана үшін гамма терапия Агат-Ву модифицированды қуысіші- аралық аппараты  алынды. Облыстық  скрининг орталығы ашылды. Аурухана ішілік дәріханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

                 Кейінгі  жылдарда ультродыбыстық биопсиялық қондырғылы құралы (сүт бездеріндегі кіші өзгерістерді ерте анықтауға жәнеде қатерлі емес ісіктерге отау емханалық жасайтын), ісіктерге радиожиілікті абляциялаушы «Rita 1500 X» құралдары іске қосылды жәнеде қосымша жаңа заманауи радиологиялық ғимараты салынып, іске қосылды. Елімізде алғашқы болып диспансерде цитологиялық және маммологиялық скринингтік орталық ашылды және жоспарланған имунно-гистохимиялық зертахана іске қосылды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап диспансерге күрделі күрделі жөндеу өтті.

         Емханада 12 мамандық бойынша консультативтік,  яғни кеңес беруге қабылдау жүргізіледі (онкоуролог, онкогинеколог, онкохирург, торакальды хирург, маммолог). Аурухананың төсек-қорында 200-і -  тәулік бойы және 11 - күндізгі стационар, аурухана құрамында 5 бөлім (химиотерапевтикалық, радиологиялық, радиогинекологиялық, маммологиялық, торако-абдоминальдық), жан сақтау бөлімі және 6 төсекке интенсивті терапия, операциялық блок, параклиникалық бөлім бар.

         Диспансер диагностиканың барлық түрімен қамтитын ең жаңа диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақталған: сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық, цитологиялық және морфологиялық жабдықтар.

            2017 жылдың тамыз айынан бастап бірінші санатты ұйымдастырушы дәрігер, Ауған соғысының ардагері Катбаев Сәкен Арыстанұлы басқарды. 2018 жылы диспансерге қосымша терапиялық ғимарат салынып берілді.

   2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы 2 ге бөлінді: Түркістан облысы және Шымкент қаласы. Облыстық онкологиялық диспансер атауынан, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қалалық онкологиялық орталық болып атауы өзгерді. 2019 жылдан бастап Қалалық онкологиялық орталық Шымкент қаласы тұрғындарына көмек көрсетіп, ал Түркістан облысында сәулелік терапия аппараттары болмауына байланысты сәулелік емді аталған өңірдің тұрғындарынада көрсетілетін болды.

2020 жылдан бастап Орталықты Мауленов жаксылык Оразабайұлы басқаруда.