Skip to main content

Управление здравоохранения города Шымкент

рус

 

 
  • Режим работы
  • Пн-Пт 08:30-17:30
 
  • Наш адрес
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a
03 июл 2021

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН САУЫҒЫП КЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕК КЕРЕК?

Медицина мамандарының сөзінше, обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастарды толық емдеп жазуға болады.

Шымкент қаласындағы окнологиялық орталықтың сәулелі диагностика бөлімшесінде сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатасында анықтау мақсатында кешенді скрининг тексерулері жүргізіледі. Орталықтағы кешенді скринингке толығырақ тоқталсақ:

Ең алдымен қауіп-қатер тобындағы пациент жергілікті емханасына барып, рентгенологиялық зерттеу (маммография), көрсеткіштер бойынша маммологқа, онкологқа қаралады. Жергілікті емхана мамандары мамографиялық тексерудің қорытындысы бойынша бірінші оқылым жасайды.

Шымкент қаласындағы алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жасалған маммографиялық тексерудің қорытындысы бойынша қалалық онкологиялық орталық мамандары орталықтандырылған жүйе арқылы екінші оқылым жасайды. Екінші оқылымда науқаста күмәнді жағдай анықталса, қалалалық онкологиялық орталыққа келіп, УДЗ тексеруден өтеді. Бұл тексеруден де күмәнді жағдай анықталса, УДЗ тексерудің бақылауымен науқасқа биопсия жасалады.

Сүт безінің биопсиясынан алынған тіндердің үлгілері кеуде клеткаларындағы түйіннің пайда болуына себеп болатын ауытқуларды анықтау үшін қолданылады. Алынған жасушалар немесе тіндер зертханада тексеріліп, сүт безінің қатерлі ісігі бар-жоғы анықталады. Сондай-ақ, хирургиялық процедураны немесе басқа емдеуді қажет ететінін анықтау үшін кеуде биопсиясы жасалады.

Сүт безінің қатерлі ісік алды және ісік алды ауруларын ерте анықтауға сүт безі қатерлі ісігі диспансерінде есепте тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер қатысуы керек. Яғни, 50 мен 70 жас аралағындағы азаматшалар екі жылда бір рет скрнингтен өтіп тұруы қажет дейді онкологтар.

Мамандардың айтуынша, дерттің көбінің жазылуы қаншалықты ерте анықталғанына тікелей байланысты. Уақтылы анықталған дертті емдеу де оңай.

Айта кетейік, скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады.

Профилактикалық тексерулер тегін, скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт.