Skip to main content

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

rfp

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

Бөлімше тынысыФото

Онкогематология бөлімшесі онкологиялық орталықтың құрылымдық белімшесі болып табылады жаңа корпустың

1-қабатында орналасқан және 25 төсекке арналған.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары- қан және лимфа жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу (жедел және созылмалы лейкоздар, Ходжкин Лимфомалары, Ходжкин емес лимфомалар), гемопоэз депрессиясы — апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром, түрлі генездегі анемиялар.  

Барлық палаталар шұғыл шақыру батырмасымен жабдықталған.

Бөлімшеде мейіргер бекеті және емшара кабинеті қажетті жиһазбен, кұрал сайманмен және мейіргерге пациенттерге медициналык көмекті сауатты көрсетуте және барлық мейіргер манипуляцияларын нақты орындауға мүмкіндік беретін медициналық аппаратурамен жабдықталған.

Бөлімшеде ауыр гематологиялық науқастардың емделуі үшін жағдайлар жасалынған.

Барлық палаталар кварцты стационарлық сәулелендіргіштермен жабдықталған, бокстарда орталықтандырылған оттегі лайнері, бактерицидті сәулелендіргіштер-рециркуляторлар бар.

Бөлімше қызметкерлерінің онкогематологиялық науқастармен көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, диагностика мен емдеудің халықаралық хаттамаларын меңгерген.

Бөлімшенің дәрігерлік құрамы республикалық және шетелдік клиникалар деңгейінде біліктілігін үнемі арттырып отырады және де гематологияның қазіргі заманғы мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық конференцияларға, симпозиумдарға белсенді қатысады.

 

Бөлімшенің міндеті

  • Халыкқа мамандандырылған онкогематологиялық көмек көрсету;
  • Емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін жетілдіру жене практикаға енгізу.
  • Диагностиканың қазіргі заманғы әдістерінің (молекулярлық-генетикалық әдістер, кеңейтілген панельмен иммуногистохимиялық зерттеу) және қан жүйесінің гематологиялық ауруларын емдеудің, оның ішінде гемопоэздік дің жасушаларын транспланттаудың жоғары технологиялық әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Онкогематологиялық аурулардан сырқаттанушылықтың, өлім-жітімнің, гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау нәтижелерінің мониторингі;
  • Қымбат тұратын дәрілік препараттарды тағайындауға арналған айғақтардың клиникалық хаттамаларына сәйкестігін және оларды пайдаланудың ұтымдылығын бағалау жолымен дәрілік қамтамасыз етуге арналған шығыстарды оңтайландыру, гематолог дәрігерлерінің, пациенттердің дәрілік қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі ұсыныстарының мониторингі;

 

Бөлімшенің функциясы және көрсетілетін қызметі

Бөлімшенің функциялары:

Онкогематологиялық ауруларына мамандандырылған медициналық көмек көрсету:

Шұғыл төтенше және тәуліктің кез келген уақытында шұғыл шараларды орындау:

Онкогематологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалтудың жаңа әдістерін жүйелі түрде игеру және практикаға енгізу;

Онкогематологиялық аурулардың алдын алу бойынша пациенттермен санитариялық -ағарту жұмысын жүргізу:

Есептік және есептік кұжаттаманы жүргізу,белгіленген тәртіппен кызмет туралы есептерді ұсыну, онкорегистрлер үшін деректерді жинау.

Керсетілетін кызметтер:

  1. Полихимиотерапия.Фото
  2. Таргент терапиясы.
  3. Жоғары дозалы химиотерапия.
  4. Гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау.
  5. Цитостатикалық асқынуларға қарқынды терапия.
  6. Қан компоненттерін трансфузиялау.
  7. Диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеу түрлері.
  • Сүйек кемігін пункциялау.
  • Трепанбиопсия.
  • Цитостатикалық препараттарды интратекальді енгізу.

Онкогематологияға тиісті аурулар:

  • Жедел және созылмалы лейкоздар.
  • Ходжкин Лимфомалары.
  • Ходжкин емес лимфомалар.
  • Миеломалар.
  • Гемопоэз депрессиясы.
  • Апластикалық анемия.
  • Миеломалар.
  • Миелодиспластикалық синдром.
  • Түрлі генездегі анемиялар.

Сағындыков Гамзат Алдабергенович

Онкогематология бөлімінің меңгерушісі

Туған жылы 04.11.1980ж.

Білімі: Жоғары (Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, Қазақстан (ОҚМА), Шымкент қ., 160019, әл-Фараби алаңы, 1.

Ғылыми дәрежесі Денсаулық сақтау магистрі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

1. Терапия бойынша Интернатура, Орталық қалалық клиникалық аурухана (ОҚКБ) базасында Шымкент қ., Қазақстан, 2004-2005 жж. 01.09.2004-04.07.2005 жж.

2. Мамандық бойынша клиникалық ординатура

"Гематология" кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында Алматы қ., Қазақстан, 2006-2008 ж. 01.09.2006 ж.-31.10.2008 ж.

3. "Медициналық статистика курсымен дәлелді медицина негізінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификат № 11614 Алматы қ. 30.01.2009 жж.

4. "Клиникалық гематология" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру АГИУВ, Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, Алматы қ., сертификат №1951, 22.06. 2010ж

5. "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, ҚР ДСМ "ғылыми зерттеулер мен ғылыми-медициналық сараптаманы тиімді жоспарлау негіздері" циклі республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы РМК Астана қ. №557 Сертификат, 29.04.2011 ж.

6. "Клиникалық гематологиядағы диагностика мен емдеудің заманауи әдістері" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру АГИУВ, Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, Алматы қ., №3656 сертификат, 13.10. 2012 ж.

7. "Гемостаз бұзылған қан ауруын диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістері" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, АГИУВ шеберлік сыныбы, Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, Алматы қ., №5357 сертификат, 14.09.2013 ж.

8. "Сүйек кемігінің гематологиясы мен трансплантациясының заманауи мәселелері"мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті. акад. И. п. Павлова, Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы, сертификат №3856, 2014ж. 16.09.2014-13.11.2014 жж

9. "Сүйек кемігінің гематологиясы мен трансплантациясының заманауи мәселелері"мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті. акад. И. п. Павлова, Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы, № 4093 сертификат, 02.10.2017-27.10.2017 жж.

10. "Гематология (ересектер)" "гематологиядағы диагностика мен емдеудің заманауи әдістері" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, АГИУВ, Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, Алматы қ., 25.11.2017 ж. №3903 сертификат.

11. "Онкогематология, сүйек кемігін трансплантациялау" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру Мастер-класс, Алматы қ. ҚазОРҒЗИ, сертификат 26-30.11.2017 ж.

12.       Гематология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру

"Онкогематология" Стамбул қ. Түркия 25.11.2023 ж.