Skip to main content

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

rfp

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

Маммология

                                Маммология бөлімі

 

Маммология бөлімшесі сүт безінің патологиясын анықтау және емдеумен айналысады.

Бөлімше 30 төсек орынды, әр палатада 3 немесе 4 науқастан жатады. Бөлімшенің мамандары сүт безінің қатерлі ісігінің хирургиялық, химиотерапиялық, тергетті және иммунологиялық емін жүргізеді. Сонымен қатар сүт безінің қатерсіз ісігіне ота жасайды.

Бөлімшеде оталық емнің барлық түрі жасалады, оның ішінде:
-Сүт безінің лампэктомиясы, әртүрлі модификациядағы радикалды мастэктомиялар, лимфодиссекциялар, сүт безінің эндопротездеу оталары.

-Емізікше-ареола-тері жамылғысын сақтай отырып жасалатын маммопластикалық оталар, оның ішінде арқаның жалпақ бұлшық етін қолдана отырып немесе іштің тік бұлшық етін қолданып жасайтын оталар.

-Сүт безін резекциялау барысында кішірейту отасы.

-Рак алды ауруларында сүт безінің резекциясы.
-Ерлердің көкірек безінің қатерлі ісігінде және жалған немесе безді гинекомастия ауруында көкірек безін толық немесе терісін сақтай отырып алу отасы.
-Сүт безінің көлемі кіші бездерін алу мақсатында алдын ала УД тексеруден өткізіп, маркировка қойып оталар жасау. Химиотерапия жүргізу алдында маркировка қою.
-Инвазивті диагностикалық манипуляциялар: ЖИАБ, трепан-биопсия.

Сүт безінің қатерлі ісігін емдеуде үнемі жаңа схемалар мен емдеу-диагностикалық хаттаманың соңғы жаңартылған нұсқасын қолдану.

Онгарбаев Ербол Калимоллаевич

Маммология бөлімшесінің меңгерушісі

2003 – 2009 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,  «Емдеу ісі» мамандығын бітірген.

2009 – 2010 жылдары. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, хирургия мамандығы бойынша интернатура бітірген. 

2010 – 2015 жылдары  Ордабасы аудандық ауруханасында жалпы хирург мамандығы бойынша қызмет еткен.

2015 жылы Қазақ Онкология және Радиология  ҒЗИ да «Онкология-маммология» мамандығы бойынша специализация өткен.

2016-2018 жылдары ҚОО-да онкомаммолог болып жұмыс атқарған.

2018 жылдан бастап ҚОО-ның маммология бөлімшесінің меңгерушісі.

Жунисбеков Жасұлан Абдуалиұлы

Маммология бөлімшесінің онкомаммолог дәрігері

Маммология бөлімшесінің онкомаммолог дәрігері

Жунисбеков Жасұлан Абдуалиұлы

Білімі:


2010 – 2015 ж.ж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина», бакалавр дəрежесі берілді.
2015 – 2017ж.ж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде хирургия мамандығы бойынша интернатура өтті.
2017 – 2018 ж.ж. ГКП ПХВ «КЕЛЕС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА» «АБАЙ» жалпы хируруг болып жұмыс атқарды.
С 2018г по 2020 ж.ж Қазақ ғылыми - зерттеу онкология жəне радиология институтында (ҚазҒЗИОР)«Онкология-маммология, химиотерапия» (ересектер) мамандығы бойынша резидентура өтті.


2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қазіргі күнге дейін Шымкент Қалалық онкологиялық орталығында ота жасау бөлімі меңгерушісі жəне онко-маммолог қызметінде жұмыс атқарып келеді.

мерзімнің өту күні
Білім беру ұйымының атауы, факультет

2004–2010ж.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті. Емдеу ісі, дәрігер

2010-2011ж.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті. Емдеу ісі, дәрігер-хирург.

2012ж.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында(АГИУВ), Қайта даярлықтан өту, мамандығы онкология.  

 

08.01.-03.03.2019ж

Аймақтық медицина қызметкерлерін оқыту орталығы ZERE, Қайта даярлықтан өту, мамандығы Сәулелік диагностика №006