Клинико-диагностическалық зертхана Клиника-диагностикалық зертхана қалалық онкологиялық орталықтың көмекші бөлімшесі болып табылады. Клиника-диагностикалық зертхана 4 бөлімнен тұрады: 1. Гемастаз бөлімі; 2. Гематология бөлімі; 3. Биохимия бөлімі; 4. Клиника бөлімі. Зертхана заманауи зертханалық құралдармен жабдықталған. 1. Гемастаз анализаторы «Sismex-CA-660» Япония , 2. Гематология анализаторы «SweLab Alfa» Швеция; 3. Гематология анализаторы «Beckman Coulter DxH-900» США; 4. Биохимиялық анализатор «Respons-920» Германия; 5. Қан құрамындағы газ және электролит тексеру анализаторы «Rapid Point-500» Англия; 6. Клиникалық /жалпы несеп/ анализатор «BM URI-500» Польша; 7. Центрифуга «Sigma-3» Германия. Клиника-диагностикалық зертханада 4 маман, 6 фельдшер-лаборант және 2 тазалықшы қызмет атқарады. Клиника-диагностикалық зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, зертханада қызметкерлерді ротациялау жүзеге асырылады. Зертхана мамандары және лаборанттары барлық зерттеу әдістерін жетік меңгерген. Зертханалық көрсеткіштер /индикатор/ толығымен орындалады. Клиника-диагностикалық зертханада көрсетілетін қызметтер. --- Зертханада жыл сайын жаңа анализдер енгізіліп, бағдарламалар қаралып отырылады. Гематологиялық талдаулар: 1. Жалпы қан талдауы /24 параметр/; 2. Эритроциттің тұну жылдамдығы- СОЭ /Панченко әдісі бойынша/; 3. Қан ұю жылдамдығы /Сухарев әдісі бойынша/; 4. Қанды безгекке тексеру /малярия/. Биохимиялық талдаулар: 5. Глюкоза; 6. Альфа-амилаза; 7. Мочевина; 8. Креатинин; 9. Билирубин; 10. Холестерин; 11. АЛАТ; 12. АСАТ; 13. ЛДГ; 14. Железо; 15. Ненасыщенная железосвязывающая способность; 16. Кальций: 17. С-реактивті белок; 18. Ферритин; 19. Щелочная фосфотаза; 20. Мочевая кислота. Жалпы клиникалық талдаулар: 21. Жалпы несеп талдауы; 22. Нечипоренко әдісі бойынша талдау; 23. Зимницкий әдісі бойынша талдау. Серологиялық талдаулар: 24. Қан тобы мен резус фактор анықтау; 25. Микрореакция. Гемостаз жүйесі талдаулары: 26. АЧТВ; 27. МНО; 28. Фибриноген; 29. Протромбин уақыты. Мамандар Антоненко Лариса Александровна КДЗ меңгерушісі Қалалық онкологиялық орталықтың клиника-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Антоненко Лариса Александровна 1988 жылы Алматы медицина институтының Шымкент филиалын бітірген. Еңбек өтілі мамандығы бойынша 31 жыл. Бастапқы мамандандырудан /606 сағат/өткен; 1. Новосибирск мемлекеттік университетінің базасында « Клиникалық диагностика» циклі бойынша; 2. АГИУФ базасында «Клиникалық- диагностикалық зертханадағы жаңа зерттеу әдістері» және «Молекулярлық биологиялық және генетикалық диагностика» циклі бойынша; 3. Оңтүстік Қазақстан медакадемия базасында «Бактериологияның өзекті мәселелері» және «Ауруларды диагностикалаудағы ферментті иммунносорбентті зерттеу әдістері» циклі бойынша өтті. Тасболат Сандуғаш Абзалқызы Зертхана маманы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын 2018 жылы бітірген. - «Клиникалық зертханадағы инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілігін арттырған. Қали Ұлдана Мамырханқызы Зертхана маманы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2022 жылы бітірген. Оңтүстік Қазақстан медакадемия базасында «Клиникалық зертханалық диагностик» циклі бойынша мамандарылған. Бекмұратова Ақтілек Ұласбекқызы Зертхана маманы Инновациялық университетін 2019 жылы бітірген. Оңтүстік Қазақстан медакадемия базасында «Клиникалық зертханалық диагностика» циклі бойынша мамандарылған. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 жыл.