Паллиативтік көмек көрсету Абдрашов Алибек Сабырбекугли Дәрігер Онколог (химиотерепевт) Білімі АҚ «Астана Медицна Университеті» «Жалпы медицина» мамандығы бакалавры. 2010-2015ж АҚ «Астана Медицна Университеті» «Ішкі аурулар» бағыты бойынша интернатура 2015-2017ж АҚ «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» «Онкология» мамандығы бойынша резидентура 2017-2019ж Квалификациясы Медицина бакалавры06.2015ж Дәрігер Терапевт 31.05.2017 ж Дәрігер Онколог (химиотерепевт) 31.07.2019 ж Жұмыс тәжірбиесі 09.2017 ж 31.07.2019 жыл аралғында Дәрігер резидент Онкология мамандығы бойынша тәжірбиесін АҚ «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде» өтті 09.2019 ж бастап « ҚОО » Шымкент қ. Дәрігер Онколог мамандығы қызыметінде Қалалық Онкологиялық Орталық» құрамындағы "Паллиативтік көмек көрсету" бөлімшесі 21.01.2019ж № 29- ж/қ бұйрығымен ашылды. Бөлімше 30 орынға есептелген (2020 жылдан бастап 25 орын). Паллиативтік медициналық көмек - радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені; Бөлімшенің негізгі функциясы: 1) ауыр және жазылмайтын ауру (жай-күйі) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру; 2) радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының (жай-күйінің) ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер); 3) жазылмайтын ауру пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету; 4) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту; 5) медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.