Skip to main content

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

rfp

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a
18 Мамыр 2024

ШЫМКЕНТКЕ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ӘУЕ ЖОЛЫМЕН ТАСЫМАЛДАНАДЫ

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы жанынан 2022 жылы «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Орталық дәрігерлері радиофармпрепаратты науқасқа көктамыр ішіне  енгізеді, оның дозасы пациенттің дене салмағына, бойына қарай есептеледі. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке Позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) арқылы диагностикалық зерттеу жүргізіледі.  
Препарат құрамы 2-фтор, F химиялық түріндегі фтор-18 бар натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі болып табылады. Фтор-18 радионуклидінің ыдырау мерзімі 109 минутты құрайды. Бұл препарат ПЭТ/КТ көмегімен диагностикалық зерттеу ретінде әртүрлі нозологиялық нысандар мен локализациядағы қатерлі ісіктерді дифференциалды диагностикалау, қатерлі ісіктердің таралуы мен сатысын анықтау, ісіктерді емдеудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады.