A A A Выкл/Вкл изображения ФОН ВЕРНУТЬ КАК БЫЛО

Жаңалықтар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАДЫ  Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.  – Адами капитал перзентханадан басталады десек, артық айтқанымыз емес. Сол себепті ана мен баланың денсаулығы мемлекеттің қорғауында. Бүгінде қаладағы екі перзентханада күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстар таяуда аяқталады. Жалпы, Шымкентте төрт перзентхана бар. Орынның тапшылығына байланысты Бірінші аурухананың жанынан бесінші перзентхананы ашуды көздеп отырмыз, – деді қала әкімі.  Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, қазіргі таңда Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары дайындалып жатыр. Бастапқы медициналық көмекке көп көңіл бөлінеді. Бұл салаға жеке инвесторлар да келуде. Жеке емханалардан бөлек, биыл мың орындық заманауи аурухана құрылысын бастау жоспарланып отыр.  Айта кетейік, былтыр үшінші мегаполисте 31 455 сәби дүниеге келген.

2018 жылдың қазан айында,  ең алғаш рет онкологиялық орталықта, гинекологиядағы ісік ауруларына, жарақаты аз - лапароскопиялық оталар жасала бастады. Бұл жетістік Германиядан алдырған ең жаңа Karl Storz лапароскопиялық құрылғысымен жасалды.

12.05.2018 жылы Облыстық денсаулық департаментінің жоспарына сәйкес, Облыстық  онкологиялық  диспансер  Бәйдібек ауданында онкологиялық  ауруларға  алдын-алу  бойынша  жұмыстар атқарды. Онкологиялық  диспансердің  бас дәрігері  С.А.Катбаев және  бас дәрігердің емдеу  ісі жөніндегі орынбасары  Ж.О.Мауленов пен  ұйымдастыру-әдістемелік  жөніндегі орынбасары Д.Ж.Жұмағали  бастаған  бір  топ  дәрігерлер  Бәйдібек  аудандық  ауруханасында   300 пациент қабылдап, 3 адамнан  обыр ауруы анықталды. Кеуде-іш хирургия  бөлім меңгерушісі  А.Т.Маймаков, дәрігер –маммолог  Р. Мырзахметов,дәрігер –онкохурург  А.Т.Саймкулов, дәрігер-онкохурург С.Исмайлов  пациенттерден  профилактикалық  тексеріс  жүргізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының  бастамасымен онкологиялық қызметті жақсарту мақсатында  2018 жыл-дың  2 сәуірі күні Қалалық онкологиялық орталықдің базасында Республикалық семинар ұйымдастырылды, семинарға Қазақтың  онкология  және  радиология  ғылыми зерттеу институты ШҚЖ МКК директоры, м.ғ.д, академик Қайдарова Диляра Радикқызы, Тбилиси мелекеттік университетінің проректоры, м.ғ.д, профессор Иракли Кохреидзе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық мониторингтік және бақылау тобының жетекшісі, м.ғ.д, профессор Балтабеков Нұрлан Тұрсынбекұлы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан палиативтік жәрдем қауымдастығының президенті, «Қатерлі ісікпен күресейік» атты қоғамдық қорының атқарушы директоры Күнерова Гүлнара Жайлығалиқызы, келген қонақтар және  облыстық онко-логиялық диспасерідің қызметкерлері, облыстық БМСК мекемелерінің бас дәрігелері, онкологтары және маммологтары қатысты.

           Семинарды,  облыстық  денсаулық сақтау басқарма басшысы, м.ғ.д   Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев төрағылық жасап, жүргізіп отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар барысында,  2018 жылдың 02-03 күндері диспансер базасында маммологтарға арналған мастер класс  Тбилиси мелекеттік универ-ситетінің проректоры, м.ғ.д, профессор Иракли Кохреидзенің қатыс-уымен сүт безі рагінде мүшені барынша сақтау, немесе мүшені жасанды орнына келтіру, болмаса жергілікті ткандердің көмегімен келтіру операцияларының әдістері көрсетілді.

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) 2020 жылға дейін  қалдыру туралы

( Д.Ж Жұмағали ООД бас дәрігердің ӘҰІЖ орынбасары)

ҚР Мәжілісінің депутаттары МӘМС-ды кейінге қалдыру туралы заң қабылдады, бұл туралы БАҚ ақпарат беріліп отыр, сондықтан, осы мәліметті әр қазақстандықққа жеткізуге атсалысуымыз керек

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сенаттың салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер енгізу жобасына жасаған ескертпелерімен келісті.   Түзетулер Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына енгізілмек. Бұрынырақта әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының басшысы Елена Бахмутова хабарлағандай, заң жобасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мерзімдерін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға қатысты нормалар бар.Е. Бахмутованың айтуынша, алда тұрған екі жылда МӘМС-ға қаражат жинау жұмыс берушілерден төлемдер түрінде ғана жүргізілетін болады. Мұнымен бірге жұмыс берушілер үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына жасайтын аударымдар мөлшері 5 %-дан 3,5 %-ға дейін төмендетіледі. Тиісінше, жұмыскер кірісінен алынатын 1,5 % айырманы жұмыс беруші МӘМС Қорына аударатын болады.Бұл норма жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – ЖК) де қатысты болады. Егер ЖК-де жалдамалы жұмыскерлер бар болса, онда ол жұмыс беруші болып табылады, сондықтан өз жалдамалы жұмыскерлерінің табыстарынан 1,5 %-ды (бірақ айына ең төменгі жалақының 15 есе мөлшерінен көп емес) төлеуге тиіс болады.Барлық қалған төлеушілер, атап айтқанда ЖК, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар 2018 және 2019 жылдары жарналар төлемейтін болады. Сондай-ақ, олар үшін мемлекет жауап беретін халықтың жеңілдіктер пайдаланатын санаттары бойынша да төлемдер басталмайды. Бұлардың бәрі 2020 жылдан бастап басталады.Басқа бір жоспарланған новелла азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қатысты болмақ.2017 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға шарт бойынша алатын кірісінен 5 % төлейтінін еске саламыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар тиісті аударымдарды осы жылдың соңына дейін орындауға міндетті болады.Келесі екі жылы – 2018 және 2019 жылдары – олар аталып өткендей, төлемейтін болады. 2020 жылдан бастап олар бойынша мөлшерлемелер төмендетілетін және ол жалдамалы жұмыскерлермен теңестірілетін болады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша салық агенті онымен шарт жасалған жеке тұлғаға табысын төлеу кезінде 2020 жылы 1 %-ды, одан кейін 2 %-ды ұстайтын болады.

 

 

 

 

О диспансере

 

Днем рождения диспансера считается 15.04.1950 г., когда приказом облздравотдела №74, онкологический пункт на базе бывшей электролечебницы по ул. Туркестанской 26 был реорганизован в областной онкологический диспансер

Адрес

 

Шымкент, Байтурсынова, 85a

 

Телефоны

 

Телефон доверия     +7(7252) 36-11-13

Cправочная служба +7(7252) 36-11-08

Cправочная служба +7(7252) 36-11-17

 

 

© Онкология 2019